Оставьте свой телефон и мы перезвоним в удобное для вас время!

FINNDISP Силикон

Печать
Описание

БОЯУДЫҢ ТИПІ

Күңгірт, беттерді ылғалдан қорғау үшін арнайы әзірленген суға еритін акрилатты, силикон негізінде жасалған бояу. Бояу беттің «дем алуына» мүмкіндік береді және кір және су жұқтырмайтын қасиеттері («ЛОТОС» әсері) бар. Құрамында хош иістік еріткіштер жоқ, иіссіз. Ерекше жасырғыштық, жабсықақтық, төзімді ақшаңқанды қасиеті бар. Өңездің басуына кедергі келтіретін биоцидті қоспалары бар. Улы емес.

 

ҚОЛДАНУ                                         «FINNDISP Силикон» бояуы сыртқы беттер мен ішкі көріністі сырлауға арналған. Бетонға, кірпішке, гипсокартонға, кірпішке, сылақталған бетке, биоплитаға, тұсқағаздарға сондай-ақ бұрын суэмульсиялы және сәндік текстуралық бояулармен сырланған беттерге жағуға болады.

 

ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІ   

Құрамы                                               су, акрильді дисперсия, микромәрмәр, титан қостотығы, тальк, силиконды дисперсия, көбік кетіргіш, коалесцент, диспергатор, қойылтқыш, биоцид

Түсі                                                      аппақ (ақтығы 98%-дан кем емес). Күңгірттеуіш пасталар арқылы бояуды түстердің картасы бойынша суға еритін колермен (дақпен) түсін өзгертуге болады.

Жалтырлық деңгейі                      күңгірт

Сұйылтқыш                                     су, көлемінен 15%-ға дейін

Жұмсау нормасы                           130-150 г/м 2 бір қабатқа

Кебу уақыты, 23С

ауаның қатысты

ылғалдығы 50%

- шаңнан                                            1 сағат

- келесі қабатты жағу                   3 сағаттан кейін

жұмыс температурасы                 температура +5⁰С-ден төмен болған кезде жұмысты жүргізбеңіз.

Жуылып кетуге беріктілігі                        Жоғары. Шөткемен 5000 реттен астам жүріп өткенге шыдайды.

Жабындының аязға төзімділігі               -45⁰С-ге дейін

Тасымалдау және сақтау            Дайындалған күннен бастап +5⁰-ден +45⁰С-дейінгі температурада                                                                            бастапқы қаптамада және су қоспай 12 ай; 5 рет үсікке дейін шыдайды, үсік                                                          шалғаннан кейін қыздырмай жылы бөлмеде еріту керек.

 

БЕТТІ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖАҒУ ТӘСІЛІ

 

Бояу таза, құрғақ, қатты және майлы дақтары жоқ бетке жағылады. Ескі қабыршақталған жабынды мен ұнтақ тәрізді материалдар болмау керек.  Қызмет ету мерзімін ұзарту және бетті қатайту үшін, сондай-ақ бояудың мінсіз жабылуына және оны жұмсау шығынын азайтуға қол жеткізу үшін бетті алдын ала «FINNDISP Праймер» акрильді сіңіммен тегістеп алған жөн. Бояуды қолданар алдында әбден араластыру керек. Бояу сыржаққышпен, білікшемен немесе бояупультімен жағылады.

 

ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ: ылғалдығы жоғары және температурасы +5⁰С-ден төмен болған кезде беттерді сырлауға болмайды.

САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ: балалардың қолдары жетпейтін, жақсы желдетіін температурасы +5⁰С-ден төмен емес жерде сақтау керек. Көзге тиіп кеткен жағдайда мол сумен жуу керек.

САЛМАҒЫ:

ДАЙЫНДАЛҒАН КҮНІ:

ПАРТИЯНЫҢ НӨМІРІ:

ДАЙЫНДАУШЫ: «FINNDISP» (Финндисп) ЖШС, Алматы қ., Райымбек даңғ., 348 «А»,

                                               Тел: +7(727)329-30-57

СТ ТОО 070540002809-01-2010

Besucherzahler
счетчик посещений
homepage counter счетчик сайта